ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМІ

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері мен курсанттардыңдың кәсіби, қызметтік, өнегелілік, эстетикалық сапалардың қалыптастыру және даму үрдісі тәрбие жұмысы бөлімінің қызметімен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы тәрбие жұмысы бөлініс бастықтарының күн сайынғы басқарушылық қызметінің негізгі бөлімі болып табылады, оның көмегімен жеке құрамының қызметтік тәртібі мен заңдылықты күшейтуге, моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуына, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жақсы қасиеттерiн сіңіруіне жағымды әсері көрсетіледі.
1998 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 348 қаулысымен Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебі Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтына қайта құрылғанда 1998 жылы Академия тәрбие жұмысы бөлімі құрылды.

Тәрбие жұмысының озатты әдістері мен нысандарын пайдаланып, бөлім жеке құрамымен тәрбие жұмысын келесі негізгі бағыттары бойынша жүзеге асырады:

— мемлекеттік-құқықтық көзқарасын қалыптастыру;

— кәсіби-адамгаршілік және мәдени-эстетикалық тәрбие;

— қызметтік тәртібімен заңдылықтың нығайтуы;

— отаншылдық тәрбие;

— жеке-тәрбие және психологиялық жұмысы;

— cалауатты өмір салтын қалыптастыру;

— мәдени-көпшілік жұмысы.

Тәрбие қызметі үздік кәсіби дәстүрлер мен рәсімдерді сақтап дамытуына, қызметкерлердің ерлік пен батырлық үлгілерін, қызметтік борышын үлгілі орындауын насихаттауға бағытталған.

Жеке құрамының кәсіби, эстетикалық-адамгаршілік және интеллектуалдық деңгейін, ішкі істер органдары қызметкерлерінің имиджін  арттыру, оқу орнының беделін нығайту мақсатында, жыл сайын тәрбие жұмысы бөлімі тұрақты және ауыспалы құрамымен маңызды тәрбиелік іс-шаралар кешенін жүзеге асырады:

— 1 курс курсанттарының Ант қабылдау рәсімі, күндізгі оқыту факультетінің 4 курс курсанттаын кезекті шығарып салуына арналған салтанатты іс-шара. Айтылған іс-шараларға ҚР ІІМ, ҚР ІІМ ҚАЖК басшылығы, Қостанай облысы мен қала әкімдері, құқық қорғау құрылымдардың өкілдері, жоғары оқу орындардың ректорлары, курсанттардың туған туысқандары, Академия ардагерлері шақырылады.

image008
Білім күніне арналған мерекелік рәсім

— Білім күніне арналған салтанатты рәсімі, нышанды «Білім кілтінің» салтанатты тапсыруы мен бірінші курстардықтардың серт беруі;

— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, Полиция күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – мемлекеттік және кәсіби мейрамдардың мерекелеуіне арналған салтанатты іс-шаралар;

— Академия курсанттарына арналған жаңа жылдық шаралар кешені;

— Наурыз-мейрамы, Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мейрамдарының мерекелеу шеңберінде халықтық шығармашылығы фестивальдері;

image008

— Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, Ауғанстандағы әскери әрекеттердің қатысушыларын, «Қазіргі заман қаһарманы» жалпы республикалық акцияның қатысушыларын құттықтау.

image008
image008

Қамқорлыққа алу жұмысы шеңберінде Академияның қызметкерлері мен курсанттары «Дельфин» облыстық балалар үйі мен Қостанай қаласының №3 түзету мектебінде мерекелерге арналған концерттік бағдарламалар өткізіп, аумақты тазалауға барынша көмек көрсетеді.


image008

Жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында, жас адамның рухани және жеке дамуы үшін жағдай жасауға; әскери салада жасөспірімдердің мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесу үшін Академияда Облыстық балалар үйінің 15 жастан 17 жасқа дейінгі аралықтағы жасөспірімдерінен тұратын «Сақшы» әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді. Жыл сайын клуб жұмысының шеңберінде Академияның оқу-дала лагерінде «Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ, Қостанай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, «Динамо» СК қолдауымен Қостанай қаласының әскери-патриоттық клубтарының үш күндік слеті өтеді.

Сенімді қарым-қатынас жасау және қиын жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының көз алдында полицейдің бейнесін жақсарту мақсатында жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, облыстың білім беру бөлімімен академияда «жасөспірімдерге арналған Полиция академиясы» жобасы құрылды, оның шеңберінде жазғы уақытта Академияның оқу-дала лагерінің аумағында жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь жұмыс істейді.

 


Эстетикалық тәрбие беру, ІІО қызметкерінің жеке басын қалыптастыруға әсер ететін мәдени даму факторларын жандандыру мақсатында. Курсанттардың жоғары адамгершілік қасиеттерін насихаттау және тәрбиелеу. Курсанттардың жалпы білім деңгейін арттыру, олардың рухани-адамгершілік білімін және мәдени-эстетикалық тәрбиесін арттыру. Курсанттардың коммуникативтік мәдениеті деңгейін арттыру. Академияның 1-2 курс курсанттары үшін Мәдениет университеті құрылды.

Курсанттар ғылым, әдебиет және өнер саласында білім алады, этика, эстетика, қоғамдағы мінез-құлық ережелерін зерттейді.

Дарынды курсанттарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында және Академияның үйірме жұмысы шеңберінде Тәрбие жұмысы бөлімімен келесі үйірмелер жүргізіледі:

Үрмелі аспаптар оркестрі, домбыра ансамблі, барабаншылар тобы, би үйірмесі, КВН.

image008Қостанай облысының ЖОО арасындағы достық байланыстарды нығайту; этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіруге, толеранттылықты нығайтуға бағытталған Қазақстан халықтарының мәдени мұрасын зерттеу; салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық шеберлік деңгейін көтеру; достық пен ұлттық бірлікті нығайту мақсатында жыл сайын академияның курсанттары мен қызметкерлері «Студенттік көктем» облыстық жоғары оқу орындары фестиваліне белсенді қатысады.

Академияның жеке құрамы облыстық қан тапсыру орталығы өткізетін «Қан тапсыр — өзгеге өмір сыйла» секілді әр түрлі қайырымдылық шараларына белсене қатысады;

image008

Академияда кәсіби тәрбие беру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облысы департаментінің қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдармен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар жүргізілуде.

Кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде Академияда жыл сайын жалпы білім беру ЖОО мектептері мен орта арнайы оқу орындарының студенттері үшін ашық есік күні өткізіледі.

Тәрбие жұмысы бөлімінің мақсаты – жеке құрамды қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу, Отанға деген махаббат пен адалдық, антқа адалдық, тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау.

Тел: 8 (7142) 26-20-93, 26-02-80 (1-35)

Психолог: 8 (7142) 26-49-90 (2-34)